Мектебімізде атаулы мерекеге орай концерттік бағдарлама өткізілді.
Өткен жылдан бастап 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі. 1990 жылы осы күні Егемендік туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіздікке алғашқы қадамы жасалынды. Бүгінде еліміздің егемендігі қалыпты нәрсе ретінде қабылданады. Бірақ тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ерен еңбегінің нәтижесі болғанын әрдайым есте ұстаған жөн. Олардың ұрпақтары ретінде біздің алдымызда Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін сақтау мен нығайтудың жоғары мақсаты тұр.