5 қыркүйек- Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі.
Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Ана тіліміз – тәрбие құралы және адамдардың тілдік қарым-қатынасын байланыстыратын болмыс өзегі. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.
Қазақстан халқының Тілдер күні еліміздің азаматтары үшін өте маңызды, өйткені ҚР аумағында тұратын әрбір этностың мәдени әртүрлілігін, өзіндік ерекшелігін көруге мүмкіндік береді. Әр халықтың ана тілі – оның игілігі мен құндылығы. Тіл – халықтың рухани мұрасы, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін асыл қазынасы.